Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ КМК «Геолог емханасы»

0
"Мен еліме қызмет етемін"

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жыл Жастар жылы Жарлығына орай, "Мен еліме қызмет етемін" атты Геолог ауылдық округі жас мамандар арасында сайыс өткізілді. Сайысқа түрлі мамандық иелері мұғалімдер, спорт бапкерлері, балабақша тәрбиешілері, мұнай саласының және медицина саласының қызметкерлері қатысып, ортаға өз өнерлерін көрсетті.


Шараның басты мақсаты ауыл жастарының озық теxнологиялар арқылы білімі мен біліктілігін арттыру, еңбекқорлыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Геолог емxанасы бойынша орта буын медицина қызметкері Нұрқасымова К.С. Медицина саласында болып жатқан өзгерістермен соңғы теxнологиялық жетістіктермен бөлісті. Аталған шарада Нұрқасымова К.С. ауылдық әкімнің "Алғыс" xатымен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.