"Қыс-2018"
1 қараша күні "Қыс-2018" Республикалық командалық штабтық оқу жаттығуы басталды. Денсаулық сақтау басқармасының 5 дəрігерлік медбикелік бригадалар қатысып жақсы дайындығын көрсетті: қалалық 1,2,5 Геолог емханалары жəне жедел жəрдем бригадасы.
Қосымша тамақты дайындау
Геолог емханасы бойынша Ресурстық орталығында 6 айға толған балалардың аналарына "Қосымша тамақты дайындау, уақытылы енгізу, нəрлік құндылығын бағалау, беру жиілігі мен санының жеткілікті болуын, тамақтың қаупсіздігін бағалауды" түсіндіру барысында жұмыстар жүргізілуде.
«Ашық есік» күні
Геолог емханасы 27.10.2018 жылы АББ (ПУЗ) бойынша бақылаудағы науқастарға «Ашық есік» күні ұйымдастырды. Емханаға келген науқастарға АББ бөлмесі арқылы антропометриялық өлшемдерін ,сауалнама, лабораториялық тексерулер жүргізілді. Науқастарға ауруларды басқару бағдарламасының маңыздылығы және бақылау күнделігін жүргізу туралы кеңестер берілді. Ашық есік күні келген науқастар саны-36, тексерістен өткендері- 24 адам.
Баланың дені сау кезіндегі күтімі
Геолог емханасы бойынша баланың даму бөлмесінде 3 айға толған балалардың аналарына "Баланың дені сау кезіндегі күтімі, тамақтандыруы туралы нұсқаулықпен таныстыруда, яғни тек қана емшек сүтімен қоректендіру ,"4-3-4 "емізу кезіндегі баланы дұрыс ұстау ережесімен таныстыру. Бүлдіршін жастағы, яғни 3 жастағы балалардың физикалық жəне психикалық -əлеуметтік дамуын бағалау (ірі,ұсақ моторика,сөзді түсіну, белсенді сөйлеу, сенсорлық дамуы, интеллектуалдық дамуы)жəне олармен жұмыс жасау.
《 Брейн Ринг》 интеллектуалды сайысында III дəрежені иеленген Геолог емханасының " Денсаулық" командасын марапаттау сəті.
Қазан айының 23 күні " Геолог ауылдық округі əкімі аппараты" ММ-сі жəне " Номад қоғамдық бірлестігі" ұйымдастырған 18-25 аралығындағы, Округ жастарының білім деңгейін көтеруге, жылдамдылығын жəне зеректілігін арттыруға, бəсекеге қабілетті жастарды дайындау мақсатында өткізілген 《 Брейн Ринг》 интеллектуалды сайысында III дəрежені иеленген Геолог емханасының " Денсаулық" командасын марапаттау сəті.
"Донор күні"
Геолог емханасында 25.10.2018 жылы Облыстық қан орталығының мамандарымен медицина қызметкерлерінің арасында "Донор күні" ұйымдастарылды. 35 үміткерлердің арасынан 19 -қызметкер қан тапсырды.